2022 жылдың 14 тамызында Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы"МОТР РММ аумағында 3 өртті анықтады. 2 өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші -десантшылары қатысты.  Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 16 тамызында Бурабай МҰТП Ақылбай орманшылығының 14 орамының аумағында өрт анықталды.  Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бурабай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 31 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Семей филиалының Краснокордон орманшылығының 28 орамының аумағында өрт анықталды. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 1 және 2 тамызында авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ аумағында Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен 5 өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші -десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылдың 15 тамызында Бурабай МҰТП Ақылбай орманшылығының 19 орамының аумағында өрт табылды.  Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бурабай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 11 тамызында Шыңғыстай орманшылығының Черновский орманшылығының 73 орамының аумағында өрт анықталды.  Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Катонқарағай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 11 тамызында Бөкебай авиациялық бөлімінің мамандары табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметінің жедел тобының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу - орманды заңсыз кесу фактісі анықталды. Аталған факті полиция бөлімінде тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

2022 жылдың 13 тамызында Қарқаралы авиациялық бөлімінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Авиациямен қарауылдау барысында күзетілетін аумақтағы екпелердің орман патологиялық жай-күйін тексеру және бағалау, халықтың орманға жаппай баратын орындарын, туристік маршруттар мен алаңдарды қарап шығу жүргізілді. Бірлескен жұмыс аяқталғаннан кейін табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері, бүлінген орманның ошақтары мен учаскелері анықталған жоқ. Бұзушылықтарды болдырмау және анықтау мақсатында аталған бірлескен жұмыс Қарқаралы МҰТП аумағында тұрақты түрде жүргізілетін болады.

2022 жылдың 31 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ аумағында 6 өртті анықтады. Өрттерді оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға