2022 жылдың 12 шілдесінде мемлекеттік қор жерлерінде өрт шықты, Мемлекеттік орман қорына қауіп төндірілді. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт-сөндіруші десантшылары өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіру құралдарымен жеткізілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды.
2022 жылдың 11 шілдесінде Катон-қарағай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Берел филиалының Рахман орманшылығының 78 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт туралы ақпарат, жердегі қызметтерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін берілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.