Қазіргі уақытта "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Жамбыл авиа бөлімінің қорғалатын аумағында бесінші өрт қауіптілігі сыныбы байқалады.

Аймақта ауа температурасы +30ºС жоғары көрсетуде. Бұл байқаусыздықтан шөпке  темекі және сіріңкенің шоғы жерге түссе лапылдап, жануға дайын тұрған қауіпті кезеңнің басталғаны. Соған орай күнделікті тікұшақ және ұшақ орман авиациалық жұмыстарын күніне үш мәртеге дейін әуеге көтерілуде.

Жамбыл авиа тобының десантшылары әрдайым 100% дайын болуда. Қорғалатын орман қорының  көлемі 3 млн 48 мын гектар. Қазіргі кезде орман өрттері тіркелген жоқ, себебі шөп дымқыл-жасыл. Бірақ, маусым айының соңына таман өсімдіктердің толық сарғаюы мен шабындық жұмыстары жүргізілетіндіктен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Жамбыл авиа тобының жұмысшылары тілсіз жаумен күресуге сақадай сай.

Жазғы кезеңнің басталуымен өрт шығу қауіпі артады. Сондықтан орманда болған кезде өрт қауіпсіздігі ережеcін қатаң сақтау керек.

Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады: 

  • Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға;
  • Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру;
  • Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға;
  • Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.

Бекзат Байшалов,

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Жамбыл авиа тобының жетекшісі

https://kazgazeta.kz/news/126134

2022 жылдың 3 мамырында Қарқаралы авиациялық бөлімінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Авиациямен қарауылдау барысында күзетілетін аумақтағы екпелердің орман патологиялық жай-күйін тексеру және бағалау, халықтың орманға жаппай баратын орындарын, туристік маршруттар мен алаңдарды қарап шығу жүргізілді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Бұзушылықтарды болдырмау және анықтау мақсатында аталған бірлескен жұмыс Қарқаралы МҰТП аумағында тұрақты түрде жүргізілетін болады.

2022 жылдың 2 маусымында Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 5 кварталында өрт шықты. Барнаул авиациялық бөлімінің қызметкерлері ауадан өрттің жай-күйіне барлау жүргізді, оның барысында өрттің Жасыбай орманшылығының 17 орамының аумағына өткендігі анықталды.  Сондай-ақ өрттің даму перспективасы бағаланды, ауадан оттың таралуы мен сөндіру барысын бақылау жүргізілді, өрттің периметрі бойынша күштер мен құралдарды орналастыруға түзету жүргізілді.


Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімінің және Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті сөндіруге 100 - ден астам адам мен 50 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен күрделене түсті. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталды.

2022 жылғы 2 маусымда Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Беген филиалының Дөнгелек орманшылығында 2 өртті анықтады. Өрт болған жерлерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.

2022 жылғы 2 маусымда Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Семей филиалының Батпаев орманшылығының 9 орамының аумағында өрт анықталды.  Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

2022 жылдың 1 маусымында Жаңасемей филиалының қала маңындағы орман шаруашылығының 163 және 164 кварталдарының аумағында ірі орман өрті анықталды. Өртті сөндіруге Жаңасемей филиалы мен ТЖД айтарлықтай күштері мен құралдары тартылды, Бородулиха авиациялық бөлімінің мамандары жерүсті күштерінің ауадан іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етті. Қатты желдің салдарынан өрттің таралу жылдамдығын, оның қарқындылығын, ауданын және басқа факторларды ескере отырып, өртті тез тоқтату мүмкін болмады, қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. 2 маусымда Бөкебай авиациялық бөлімінің мамандары жерүсті күштерінің әуеден іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етті. Өртті сөндіруге 300 - ден астам адам мен 50 бірлік техника жұмылдырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрттің жекелеген ошақтарын толық сөндіру жүріп жатыр.

2022 жылдың 1 маусымында Отрадный КММ Чернореченск орманшылығының 54 кварталында қауіп төніп тұрған өрт анықталды. Өрт болған жерге Ақмола авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға