2021 ЖЫЛҒЫ 4 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 4 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары "Семей Орманы" МОТР РММ өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛҒЫ 2 ЖӘНЕ 3 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 2 және 3 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары "Семей Орманы" МОТР РММ өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп ұшуды орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛДЫҢ 2 ҚАЗАНЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

 
2021 жылдың 2 қазанында Мойынқұм ҚМУ Фурманов орманшылығының 97 кварталына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт шыққан жерге бірінші болып Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары келді, олар жер үсті күштері келгенге дейін өрттің алдынан өтті, жер үсті орман күзетінің қызметкерлері техникамен өртті сөндіруге және оның одан әрі таралуына жол бермеуге кірісті. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп төнді.

«ҚАЗАВИАОРМАНҚОРҒАУ» ҰШҚЫШТАРЫ КҮЗГІ ОРМАНДЫ САМҒАУ БИІКТЕН КӨРСЕТТІ

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің бақылаушы-ұшқыштары kazgazeta.kz тілшісіне Іле Алатауындағы күзгі орманды тікұшақ арқылы самғау биіктен көрсетті.
Іле-Алатауы мемлекеттік-ұлттық табиғи паркі өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шыңдары, биік таулары, көк- жасыл ормандары, альпі шалғындарымен ерекшеленеді. Жылдың қай мезгілінде де табиғаты жан-жүрегімізді сұлу сезімге бауратады. Әсіресе, күз келіп, орман-тоғайы алуан түске боялған сәті тіпті ғажап. Бұл жолы орманды әуеден күзететін сала мамандарымен Іле Алатауының Қаскелең орманшылығындағы күзгі реңді әуеден түсірудің сәті түсті. Терең, тар шатқалдарда тығыз орналасқан қарағай, шырша, өрік, алма ағаштары мен аршаның әдемі үйлесімі, биіктен ерекше әдемі келбетке ие. Ендеше, биіктен көрінген таудағы сұлу келбетті назараларыңызға ұсынамыз.
Суретті түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
https://kazgazeta.kz/news/117582

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚМУ АУМАҒЫНДА БОЛҒАН ІРІ ӨРТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Талдықорған ҚМУ-нің Корин орманшылығының 21 орамы аумағында болған өрттің таралуы тоқтатылды, өрт ішіндегі ошақтар толық сөндірілуде.

2021 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай авиациялық бөлімшесінің мамандары Семиозер ҚМУ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шығуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 30 қыркүйекте Бақанас авиациялық нүктесінің мамандары Күрті ҚМУ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шығуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

ІЛЕ АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ ӨРТ ТӨРТІНШІ ТӘУЛІКТЕ ТОҚТАТЫЛДЫ

 
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығының 12-ші орамында болған өрт төртінші тәулікте сағат 16:30-да тоқтатылды. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісіне «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы Бауыржан Төлепбергенов хабарлады.
Өрттің төртінші күні «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің Ми-171 тікұшағы су төгетін құрылғысымен тағы да апат ошағына аттанды. Тікұшақ көмегімен өрт ошағына 8 рет су төгілді.
Бүгін өрт ошағы толық сөндіріліп, жедел құрылған өрт сөндіру тобы үйлеріне қайтарылды. Ал өрт болған аймақты Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің 4 қызметкері әлі де күзетуді жалғастыруда.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Суретті түсірген автор
https://kazgazeta.kz/news/117531

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚМУ АУМАҒЫНДА БОЛҒАН ІРІ ӨРТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Үшінші тәулікте Талдықорған ҚМУ-нің Корин орманшылығының 21 орамы аумағында болған ірі өртпен күрес жүріп жатыр. Өртті ауадан бақылау орнатылды. Өрт апатымен күресу үшін ТЖД мен ТЖМ қосымша күштері мен құралдарын тарту туралы шешім қабылданды. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспада суағар құрылғысы бар бірінші класты Ми-8 тікұшағы тартылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, нашар көрінумен және күрделі метеорологиялық жағдайлармен қиындайды. Қазіргі уақытта өрт апатымен күрес жүріп жатыр.

ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП АУМАҒЫНДА БОЛҒАН ІРІ ӨРТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2021 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақсай филиалының Қаскелең орманшылығының 12 орамының аумағында болған өрттің таралуы тоқтатылды, оны толық сөндіру жүріп жатыр. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспада суағар құрылғысы бар бірінші класты Ми-8 тікұшағы тартылды, одан өрт ошақтарына жалпы тоннажы 50 тоннадан астам 20-дан астам мақсатты су ағызу орындалды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, нашар көрінумен және күрделі метеорологиялық жағдайлармен күрделене түскенін атап өткен жөн.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға