2024 жылғы 29 ақпанда Көкшетауда Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығының базасында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының табиғатты қорғау және орман мекемелерінің қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Оқудың төртінші күнінде курс тыңдаушыларына:
1. Өрт сөндірудің қол құралдары. Моторлы өрт сөндіру құралдары, жабдықтар мен жарақтар. Өрт сөндірудің техникалық құралдары. Аспалы жабдық және агрегаттар;
2. ҚР Орман кодексі (ормандарды қорғау бөлігінде). ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (оның функцияларына қатысты бөлігінде). ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі (оның функцияларына қатысты баптар бөлігінде). ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары. Орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже. Орман өрт сөндіру қызметінде қабылданған терминдер мен анықтамалар;
3. Орман өрттерін сөндіру кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар. Өрт сөндіргіш заттарды жеткізу (беру) құралдары мен тәсілдері.
2024 жылғы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пихта орман шаруашылығы» КММ-де «2023 жылғы өрт қауіпі бар маусымның қорытындылары және 2024 жылғы өрт қауіпі бар маусымға арналған міндеттер» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңесте орман өрттерінің алдын алу, орман өрттерін сөндіру бойынша шараларды уақытылы қабылдау және олардың ірі дәрежеде дамуына жол бермеу мәселелері, жер үсті және авиациялық қызметтердің өзара іс-қимылы, әуе кемесімен радио алмасу жүргізу және әуе кемесінің қатысуымен өртті жою және жою кезіндегі қауіпсіздік техникасы және т.б. мәселелері пысықталды. Кеңес барысында 2024 жылы күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау Өскемен қаласынан Ан-2 ұшағымен жүргізілетіні атап өтілді.
Жиналыс орман пайдаланушылар өкілдерінің қатысуымен өтті, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК кәсіпорнынан Риддер авиациялық бөлімшесінің АПГ нұсқаушысы М.А. Кузьмин қатысты.