2021 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылдың 8 қазанында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Авиациямен қарауылдау барысында тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін есепке алу жүргізілді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛҒЫ 9 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 9 қазанда Павлодар авиациялық бөлімшесінің мамандары "Ертіс Орманы" МОТР РММ өкілімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шығуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 8 қазанда Павлодар авиациялық бөлімшесінің мамандары табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметінің жедел тобының өкілімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР (АВИАРЕЙД)ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 6 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Көкшетау авиациялық бөлімшесінің мамандары "Көкшетау" МҰТП РММ өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАЗАНДА РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫМЕН ШЕКАРАНЫ ДЕМАРКАЦИЯЛАУДЫ ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

 
2021 жылғы 6 қазанда Ресей Федерациясымен шекараны демаркациялауды талқылауға арналған бірлескен кеңес өткізілді. Кеңеске "Ертіс Орманы" МОТР РММ, Павлодар облысының Шекара қызметі және Павлодар авиациялық бөлімшесінің өкілдері қатысты. 
Шекараны делимитациялау-шартта белгіленген және Шартқа қоса берілетін карталарда графикалық бейнеленген шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша Мемлекеттік шекараның жағдайы мен өтуін айқындау.
Шекараны демаркациялау-мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы құжаттардың негізінде шекара белгілерін салу арқылы жергілікті жерде мемлекеттік шекара сызығын белгілеу.

2021 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР (АВИАРЕЙД)ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 6 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Отрадненск ҚМУ өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛҒЫ 2 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР (АВИАРЕЙД)ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 2 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының өкілімен бірлесіп, инспектор Н.Г. Дьяченко табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Бірлескен орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзудың екі фактісі анықталды.

2021 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылғы 30 қыркүйекте бейнеконференцбайланыс арқылы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға арналған жиналыс өткізілді.
 

2021 ЖЫЛҒЫ 4 ҚАЗАНДА ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

 
2021 жылдың 4 қазанында Павлодар авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі С.Ж. Жүнісов халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Шалдай кентіндегі орта мектеп оқушылары арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісін өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2021 ЖЫЛҒЫ 4 ҚАЗАНДА ӨСКЕМЕН АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

 
2021 жылдың 4 қазанында Өскемен авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі И.Е. Труновпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Kinder City" дүкенінің қызметкерлері мен келушілері арасында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Қызметкерлер ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға