ИНСПЕКЦИЯ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ

 
2021 жылғы 26 қазанда ШҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының жұмыс жоспарына және ШҚО бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2021 жылға арналған бірлескен табиғат қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес Инспекция басшысы Д.Т. Оразбаев, инспекция жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Б. Дидахметов Қазавиаорманқорғау қызметкерлері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп МИ-8 тікұшағын қолдана отырып, табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Аталған іс-шаралар Күршім және Катонқарағай аудандарының аумақтарында жүргізілді, олардың барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

https://www.instagram.com/vkoinspekcialesa/

2021 ЖЫЛДЫҢ 25 ҚАЗАНЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

 
2021 жылғы 25 қазанда Баянауыл МҰТП Жасыбай орманшылығының 90 және 93 орамдарына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт шыққан жерге Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Дер кезінде анықтау және оқшаулау шараларын қабылдау арқасында өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп төнді.

2021 ЖЫЛҒЫ 24 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР (АВИАРЕЙД) ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылдың 24 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының өкілі инспектор Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп, табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛДЫҢ 23 ҚАЗАНЫНДА БОРОДУЛИХА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУШІ-ДЕСАНТШЫСЫ БАРКОВ ЕВГЕНИЙ ГЕННАДЬЕВИЧ МАРАПАТТАЛДЫ

 
Кәсіби мереке - орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, 2021 жылғы 23 қазанда Бородулиха авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Барков Евгений Геннадьевич Орман шаруашылығы жүйесіндегі адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.

2021 ЖЫЛДЫҢ 19 ҚАЗАНЫНДА АҚМОЛА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУШІ ДЕСАНТШЫСЫ СТУПЕНЬКОВ ЕВГЕНИЙ ЕГОРОВИЧ МАРАПАТТАЛДЫ

 
Кәсіби мереке - орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, 2021 жылдың 19 қазанында Орман шаруашылығы жүйесіндегі адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшы Евгений Егорович Ступеньков марапатталды.

2021 ЖЫЛҒЫ 18 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 18 қазанда Баянауыл авиациялық бөлімшесінің мамандары Баянауыл ауданының прокуратурасы мен табиғат қорғау полициясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд өткізді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚАЗАНЫНДА ЖАМБЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЕДЕН ЖУУШЫСЫ Д.Б.САДЫХАНОВА МАРАПАТТАЛДЫ

 
Кәсіби мереке - орман шаруашылығы қызметкері күніне орай, 2021 жылғы 18 қазанда Орман шаруашылығы жүйесіндегі адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Жамбыл авиациялық бөлімшесінің үй-жайын жинаушы Д.Б. Садыханова марапатталды.

2021 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚАЗАНЫНДА ЖАМБЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҰЖЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 
Кәсіби мереке - орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, 2021 жылдың 18 қазанында Орман шаруашылығы жүйесіндегі адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Жамбыл авиациялық бөлімшесінің ұжымы марапатталды.

2021 ЖЫЛҒЫ 17 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылғы 17 қазанда Баянауыл авиациялық бөлімшесінің мамандары Баянауыл ауданының табиғат қорғау полициясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд өткізді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

БАРЛЫҚ 15 АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕНІҢ ҰЖЫМДАРЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІНЕ ОРАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУҒА ҚАТЫСТЫ

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға