"2021 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусымның аяқталуы туралы" №27-5-6/238 бұйрыққа сәйкес 2021 жылғы 8 қарашада өрт қауіпті маусым келесі аумақтарда аяқталады - Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Алакөл, Алматы, Үстірт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорықтары, "Алтын Емел", Іле Алатауы, "Көлсай Көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Жоңғар Алатауы, Шарын және Сайрам-Өгем, "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты, Батыс Алтай, Марқакөл, Наурызым және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорықтары, "Ертіс Орманы" және "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттары "Семей орманы", "Алтын Дала", "Ақжайық", "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваттары, "Бурабай", "Көкшетау", "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Тарбағатай, Қарқаралы, Катонқарағай, Баянауыл, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы және "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелері.
2021 жылғы 30 қазанда Талдықорған авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі А. Е. Архиткомен халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Цейтер Владимир Эрвинович" ЖК келушілер мен қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісі өткізілді. Дәріс барысында қатысушылар МОҚ аумағында отты қолдану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау және табиғи ресурстарды сақтау ережелерімен таныстырылды. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.