Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1998 жылдың 1 желтоқсанында ҚР Үкіметінің №1212 қаулысымен құрылды. Құрылыстың мақсаты Каркралы және Кент таулы ормандарының бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру болды. Ұлттық парк аумағында омыртқалы жануарлардың 190 түрі, сүтқоректілердің 46 түрі, құстардың 120-дан астам түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қосмекенділердің 2 түрі және балықтардың 15 түрі мекендейді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, кұзен, сілеусін кездеседі. 1940 жылға дейін ұлттық паркте аюлар кездескен. ҚР Қызыл кітабына енген жануарлардың ішінде: арқар, манул; құстар – бұйра бірқазан, ақбас тырна, аққала, бүркіт, қырғый, ителгі-сұңқар, савка, қара дегелек мекендейді.
Каркалы тауларында өсімдіктердің 800-ге жуық түрі кездеседі. Қазіргі уақытта Қарқаралы МҰТП аумағында ерекше қорғауға мұқтаж гүлді өсімдіктердің 66 түрі және папоротниктердің 15 түрі анықталды. ҚР Қызыл кітабына 5 түрі енгізілген: жіңішке көкнәр, Қарқаралы бөріқарақаты, волжский адонисі, тегіс сфагнум, қырғыз қайыңы. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын авиациялық қорғауды "Қазавиаорманқорғау"РМҚК Қарқаралы Авиациялық бөлімшесі қамтамасыз етеді. Авиациялық патрульдеу Ми-2, ВО-105 үлгісіндегі 3-сыныпты тікұшақпен жүргізіледі. Ормандардың сақталуын қамтамасыз ету әрбір азаматтың ортақ міндеті мен борышы болып табылады. Сіздің жақсы демалуыңыз бен денсаулығыңыздың кепілі ұлттық парктің ормандарында болудың барлық ережелерін сақтау болып табылады.
Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің басшысы Плотников Т. В.
 

2020 жылдың 13 қазанында Бородулиха авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Е.Г. Борковпен халықты ақпараттандыру бойынша Бағдарлама шеңберінде Бородулиха ауылының тұрғындарымен "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Ауыл тұрғындары ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2020 жылдың 13 қазанында халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Көкшетау авиациялық бөлімшесінің АӨТ нұсқаушысы Д.С. Гущинмен Красный Кордон ауылы, Жұлдыз балабақшасының қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісін өткізді. Балабақша қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2020 жылдың 12 қазанында Бурабай авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Д.С. Баймағамбетовпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Хасенов" ЖК қызметкерлері мен дүкенге келушілер арасында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Дүкеннің қызметкерлері мен келушілері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2020 жылғы 11 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары "Семей Орманы" МОТР РММ Бородулиха филиалының өкілі В. Н.Бақановпен бірлесіп табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

2020 жылғы 10 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Өскемен авиациялық бөлімшесінің мамандары ШҚО ІІД КҚПБ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп аралап шықты. Бірлескен орман авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша: тіркелмеген қаруды қолданумен заңсыз аң аулау фактісі, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде балық аулаудың екі фактісі анықталды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары ресімделді.

2020 жылғы 10 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Кеңес ТЖК КММ директоры Қарабаев Ж.Б. және Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының өкілі инспектор Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды-ағаштар мен бұталардың заңсыз зақымдануы, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі полиция бөлімінде тіркелді, қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

2020 жылдың 9 қазанында Талдықорған авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі А.М. Мейрмановпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Құрылыс Орталығы" ЖШС қызметкерлері мен дүкенге келушілер арасында "орман өрттері кезіндегі қауіп факторлары" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Дүкеннің қызметкерлері мен келушілері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2020 жылғы 9 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Көкшетау авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облыстық аумақтық инспекция өкілі басшының орынбасары Е. Н.Құтпанбаевпен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

2020 жылдың 9 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының өкілі инспектор Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп, табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Әуе патрульдеу барысында аң аулау ережелерін бұзу фактісі анықталды, әкімшілік хаттама жасалды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға