2020 жылдың 28 қыркүйегінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп ұшып шықты. Жолай, авиарейд барысында тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін есепке алу жүргізілді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы М.С. Сәрсембаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің өнер мектебі" КММ-де  "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Мектеп ұжымы ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Ж.К. Серікбаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында ҚР ДСМ ТКҚСҚБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Мойынқұм аудандық бөлімшесінде "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтаған кездегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

2020 жылдың 28 қыркүйегінде
Қарқаралы авиациялық бөлімшесінде табиғат қорғау полициясының өкілі аға лейтенант Т.Д. Мержакупов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында түсіндірілді:
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері»;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою мәселелері;
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.
2020 жылғы 27 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп СҚО мен Ақмола облысының іргелес аумақтарындағы құс тұмауына байланысты су айдындарында жабайы құстың өлім-жітімі фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп ұшуды орындады. 

Ұшу барысында келесі су айдындары - көлдер тексерілді. Тұзды көлі,  Ақкөл көлі, Домбыралы, көлі, Барап көлі, Батпақкөл, көл, Чистенькое және Моховое  көлдері, Жолдыбай мен Елтай және т.б. көлдерді тексеру барысында 23 өлген аққу табылды.

2020 жылғы 27 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесінің мамандары Баянауыл МҰТП өкілдерімен бірлесіп, ұлттық парктің периметрі бойынша минералдандырылған жолақтарды тексеру және күзгі күйдіру үшін жолақтар мен учаскелерді жаңарту қажет болатын учаскелерді белгілеу мақсатында күзетілетін аумақты бірлесіп аралап шықты.
 

2020 жылғы 27 қыркүйекте
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бурабай авиациялық бөлімшесінің мамандары "Бурабай" МҰТП өкілдерімен бірлесіп СҚО мен Ақмола облысының іргелес аумақтарындағы құс тұмауына байланысты ұлттық парктің су айдындарында жабайы құстың өлім-жітімі фактілерін анықтау мақсатында ұлттық парктің аумағын бірлесіп ұшып өтті.
Ұшу барысында келесі су айдындары - көлдер тексерілді. Мамай көлі, Қатаркөл тұз көлі, Жукей көлі, Қатаркөл  көлі, Тасшалқар көлі, Үлкенсор және Қарасор көлдері, Үлкен және Кіші Шабақты көлдері, Боровское көлі, Щучинское көлі.
Көлдерді тексеру кезінде өлген құс табылмады, құс белсенді және отарға жиналуда.
2020 жылғы 25 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облыстық аумақтық инспекция өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың екі фактісі анықталды: мемлекеттік орман қорында грейдер автожолының құрылысы және құрғақ қарағай ағаштарын заңсыз кесу фактісі анықталды.

2020 жылдың 25 қыркүйегінде
Бурабай авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушілерімен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде "Квинт" ЖШС қызметкерлері арасында Д.С. Баймағамбетов пен В. В. Павлов "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Қызметкерлер ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

Өрт қауіпті маусымда орман қоры аумағында жол берілмейді:

1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел сұлатқан, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек бар кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға жол берілмейді;

2) жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға және темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді сілкіп тастауға;

3) аң аулау кезінде тез тұтанатын немесе бықсыған материалдардан жасалған тығындарды пайдалануға;

4) жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын ол үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;

5) Іштен жану қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде отын бактарына жанармай құюға, қозғалтқыштың қоректену жүйесі ақаулы машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанармай құйылып жатқан машиналардың жанында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады.

Өрт қауіпті жағдайды төмендету мақсатында орман иеленушілер жүргізетін орман қоры аумағында және оған іргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердің барлық санаттарында шөптесін өсімдіктерді өртеуге жол берілмейді.

Қалған жерлерде от жағу ені кемінде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асырылады. Алау жермен Мұқият жабылады немесе бықсу толық тоқтағанша сумен толтырылады.

Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Ятченко В. В.

Аудандық "SHARBAQTY" газеті

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға