2019 жылғы 10 шілдеде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Ақмола авиациялық бөлімінің АӨТ нұсқаушысы А. С. Трубицыновпен "Пегас" ЖШС қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Ұйым қызметкерлері орманда отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасқан іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақтауымен танысты.

Меркі-Құлан тау шатқалдарында ең жоғарғы өрт қауіптілігінің деңгейі — бесінші класс бекітілген. Сондықтан «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиация бөлімшесі аталған аймақта күніне 3 рет әуеден бақылау жұмысын орындайды.

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің басшысы Талғат Алиев Жамбыл облысындағы орман алқаптарын таныстырып тұр

Тау шатқалындағы жалынды ауыздықтау оңай емес. Сондықтан әуе техникасының маңызы зор. Өрт таудың биік белдеуінде орын алғанда, әуе десантшылары іске кіріседі. Сондай-ақ, авиатехника көмегімен көктен су шашылып, жалынды ауыздықтауға барлық күш жұмылады.

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің басшысы Талғат Алиев ұшқыш-бақылаушы Бекзат Байшаловпен бірге шөлді және таулы аймақтарды бақылау жұмыстарын жоспарлауда

Күн сайын бақылау жасайтын ұшқыш-бақылаушылар өрттің шығу аумағын, көлемін, деңгейін анықтап, жергілікті әкімшілік пен төтенше жағдайлар қызметіне хабарлайды. Соның нәтижесінде, өрт тез ауыздықталып, елді-мекендер мен орманды алқаптарды қорғап қалады. Бұл тұрғыда күннің аптап ыстығына қарамастан, өртпен күресіп жүрген «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиация бөлімшесінің жұмысымен біз де танысып, бақылау жұмысына қатысып қайтқан едік.

Орманды алқаптардағы өртке байланысты «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің басшысы Талғат Алиев бөлімше десантшыларына тапсырма беріп жатыр. Олар сәлден кейін МИ-2 тікұшағымен әуеге көтерілуге дайын тұр.

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің әуе десантшылары МИ-2 тікұшағына бара жатыр.

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің десантшылары МИ-2 тікұшағымен әуеге көтерілуде.

МИ-2 тікұшағы экижапы Мойынқұм орман алқабын барлауға аттанды.

Мойынқұмда күндіз ауа температурасы барынша жоғарылап, төңіректе будақ бұлттар пайда болды. Найзағайлы бұлт — орманның табиғи жауы. Сондықтан «Қазәуеорманқорғау» РМҚК қызметкерлері өрттің алдын алу үшін әуе бақылауын орындау үстінде.

Мойынқұм ауылының қақпасы

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің бір тобы — Мойынқұм алқабына, ал екінші тобы Меркі-Құлан таулы шатқалына ұшуға әзірленді. Біз «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы Бекзат Байшаловпен бірге Cessna-182 жеңіл ұшағымен Меркі-Құлан тауларына ұшып кеттік.

Бекзат БАЙШАЛОВ,

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы:

-Біз таңертең Мойынқұмдағы авиабөлімшеден Cessna-182 жеңіл ұшағымен Мойынқұм-Шу-Меркі-Тұрар Рысқұлов аудандарының  аумақтарындағы өрт қауіпі жиі туындайтын аймақтарға түске дейін әуебақылауын жүргіздік. Бірінші бағыт, Шу өзенімен Ақтөбе ауылына дейін, екінші Ақтөбеден-Меркі ауылына дейін ұшып барып, таулы шатқалдарды жоғарыдан бақылап өттік. Қазір бұл аумақта 5-ші класстағы өрт қаупі тұр. Ол ең жоғарғы өлшем болып саналады. Таудағы шөптер қурап кеткен. Бір шырпы түссе болғаны, жалын жайпап кеткелі тұр. 2017 жылы дәл осы Меркі Орман шарушашылығына қарасты шатқалда өрт болған. Өртпен бір апта көлемінде күрескен болатынбыз.

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы Бекзат Байшалов. Төменде Меркі ауылы көрініп тұр.

Меркі таулы аймағына күніне 3 рет әуе бақылауын жүргіземіз. Ұшақпен ұшқанда біз тек жалын шыққан аумақты анықтап, жергілікті әкімшілік пен төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаймыз.

Меркі ауылы, Жамбыл облысы

Жамбыл авиация бақылау бөлімшесінде  сағат 9.30-да ауа температурасы +380с, түсте 420с ыстықты көрсетті. Соған қарамастан, біз әуеге көтеріліп, аптап ыстықтан шығатын өрттерді жүйелі бақылаймыз.

 

Меркі-Құлан таулы үстірті.

Меркі-Құлан таулы үстірті.

Төменде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі. Меркі ауданы, Жамбыл облысы

Cessna-182 жеңіл ұшағы.

Ақтоған — Жамбыл облысының Меркі ауданындағы, Ақтоған ауылдық округі орталығы.
 

Құлан — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының және Құлан ауылдық округі орталығы. Облыс орталығы –Тараз қаласынан шығысқа қарай 120 км-дей жерде, Қырғыз Алатауының бойында орналасқан.

Талғат АЛИЕВ,

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің басшысы:

 -Осы күнге дейін бізге бекітілген Жамбыл облысы аумағында 3 орман өрті тіркелді. Бұл өрттер шөл-шөлейтті аймақтарда болғандықтан, жергілікті елді-мекендерге ешқандай қауіп төндірген жоқ және өрт шығыны деп көп емес. Өйткені, орман ішіне, сексеуілдер арасында өрт кірмеді. Біз оған жол бермедік.

Біздің «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиациялық мекемесі 3 млн.48мың гектар аумаққа әуеден бақылау жүргізеді. Олар 11 орман-шаруашылық мекемеге бөлінеді. Біздің 7 өрт сөндіруші жасақшымыз бар. Өрт шыға қалған жағдайда, олар негізгі көмек келгенше әрекет етеді.

Біз орман өрті көп байқалатын аймақтарды күн сайын бақылауда ұстаймыз. Бұл жұмыс қарашаның біріне дейін жалғасады. Біздің авиабөлімше қарамағына екінші, үшінші сыныптағы тікұшақ және жеңіл ұшақ бөлінген.

«Үмбет» мемлекеттік табиғи қаумалы, Жамбыл облысы.

Мамандардың айтуынша, дала өртінен шірудің табиғи процесі бұзылып, топырақтың құнарлығы азаяды. Өрт кезінде жәндіктер, соның ішінде өсімдіктерді тозаңдатқыштар, топырақтың пайдалы микроағзалары жанып кетеді. Шөп қатты  өртенген кезде оттан шөпте немесе топырақ үстінде өмір сүретін барлық сүтқоректілер өледі немесе тұншығып қалады.

Бұлт көлеңкесіндегі — Ақтөбе ауылы. Ақтөбе — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округінің орталығы.

Мойынқұм — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, аудан және Мойынқұм ауылдық округі орталығы.

Шу өзені, Шу ауданы.

«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Жамбыл авиабөлімшесінің ұжымы

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

Алматы-Мойынқұм-Шу-Меркі-Құлан-Алматы
http://kazgazeta.kz/?p=85859


Құрметті Қазақстандықтар!

Сіздерді АстанаКүні - Мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!

Ізгі тілекпен, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» ұжымы.

2019 жылы 5 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімінде "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау" тақырыбында жиналыс өткізілді. Шалдай ауылдық округі әкімдігінің өкілі келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жүргізді:

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою мәселелері;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.

2019 жылы 5 шілдеде Риддер авиациялық бөлімінде "Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу" тақырыбындажиналыс өткізілді. Риддер қ. өкілі полиция майоры Сакенов Н.Д. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңының нормалары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және олар үшін жауапкершілікке қатысты ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамасының нормалары түсіндірілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі түрлері, оның қоғамның экономикалық дамуы мен мемлекеттік тұрақтылығына кері әсер етуі туралы айтылды.

Сөз сөйлеуден үзінді:

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптерден ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту жолымен Мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа да тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды әзірлеп, қабылдады, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу шарттарын белгілейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. ҚР Президентінің "ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" жарлығы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қабылданды. Жарлықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін еңсеру мәселелеріне және оның көріністерінің алдын алуға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу келесі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

1) Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүзеге асыратын қызмет. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін тұтастай алғанда барлық қоғам күресуге тиіс. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын туғызған кезде ғана осы зұлымдықпен күресте оң нәтижелерге жетуге болады.

 

2019 жылы 5 шілдеде Өскемен авиациялық бөлімшесінде "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау" тақырыбында жиналыс өткізілді. ШҚО ЖП ЖПБ инспекторы, аға лейтенант Советбеков Е.Н. түсіндірілді:

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою мәселелері;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;

- Қорытынды ережелер.

2019 жылғы 5 шілдеде Шалдай филиалының Шалдай орманшылығының 20 кварталы аумағында, өрт болды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.08 га. шағын алаңда жойылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК АӨҚ  3 адамы, Шалдай филиалының 9 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды.

2019 жылғы 4 шілдеде "Краснокордон НМ" КММ жанындағы "Саялы" лагеріне келушілер арасында халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде "Орманда отты пайдалану кезіндегі сақтық шаралары" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Балалар орман алқабында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға келген кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәрісті Көкшетау авиациялық бөлімінің АӨТ нұсқаушысы Гущин Д. С. өткізді.
2019 жылғы 3 шілдеде таңертең Баянауыл орманшылығының 24 кварталы, Баянауыл МҰТП аумағында белгісіз себеппен өрт шықты. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесі мен Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.002 га шағын алаңда жойылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның 2 адамы, Баянауыл МҰТП-ның 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
2019 жылғы 2 шілдеде "Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының Первомай орманшылығының 33 кварталы аумағында пайда болған өрт жойылды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар авиациялық бөлімінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалдай филиалының 5 адамы, 3 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға