Қымбатты Отандастар!

Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.

Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.

Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым.

Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім.

Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.

Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім.

Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.

Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды.  

Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз.

Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.  

Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін.  

Президент лауазымына кіріскеннен бастап өңірлерді аралап жүрмін. Халықтың көңіл-күйін жақсы білемін. Зиялы қауыммен, еңбек ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен, инвесторлармен, халықаралық тұлғалармен кездестім.

Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек.

Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін.

Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек.  

Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым.

Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет.  

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  

Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!

Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін.

Қадірлі Отандастар!

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз.  

Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты! 

2019 жылдың 28 наурызында Қостанай қаласында, Қостанай облысы әкімінің орынбасары С. А. Карплюк, ТЖД төрағасы, Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы, Қостанай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы өкілдерінің қатысуымен "2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2019 жылғы өрт қауіпті маусымға міндеттер" тақырыбында кеңес өтті.

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК-нан кеңеске Қостанай авиабөлімінің басшысы А. Б. Теңізов қатысты.

2019 жылдың 18 наурызында Солтүстік авиабөлімінің командирі Н. Лесной Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғаттыпайдалануды реттеу басқармасының "Барап "орман шаруашылығы мекемесі" КММ және "Ақкөл "орман шаруашылығы мекемесі" КММ қызметкерлерімен теориялық сабақтар өткізілді.

Сабақтың мақсаты сұрақтарды пысықтау болды:

- орман өртін сөндіру кезінде ормандарды авиациялық және жердегі қорғау арасындағы өзара іс-қимыл;

- әуе кемесімен радиоалмасу жүргізу;

- әуе кемесінің қатысуымен өртті оқшаулау және жою кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Оқу-жаттығудан кейін мемлекеттік орман иеленушілерді өрт қауіпті маусымға дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Мәселелерді талқылау барысында ортақ бір міндет – орман өрттерін сөндіруге қатысатын барлық құрылымдардың өзара іс-қимылы бөлінді.

2019 жылдың 14 наурызында Балқаш және Іле аудандарының әкімдерінің орынбасарларымен, Қаскелең, Бақанас, Күрті коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері, сондай-ақ Балқаш және Іле аудандарының ТЖ қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен "2018 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2019 жылғы өрт қауіпті маусымға міндеттер" тақырыбында Балхаш аудан әкімшілігінде кеңес өтті.

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК кеңеске Алматы авиабөлімінің басшысы Т.Т. Әлиев, бақылаушы-ұшқыш Б.С. Төлепбергенов қатысты.

2019 жылы 10 сәуірде Алтай орманшылығының аумағында 14-ші кварталда төменгі өрті табылды. Орманшыларға көмекке Щучинск қаласының № 23 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жасағы мен Бурабай авиациялық бөлімшесінің жеке құрамы дереу келді. Екі сағат өткеннен кейін өрт 17,2 га аумақта ауыздықталды. Өртті оқшаулауға және жоюға "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бурабай авиациялық бөлімшесінің 5 адамы, № 23 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 13 адамы, жер үсті орман күзетінің 38 адамы және 16 бірлік техника жұмылдырылды.
2019 жылы 10 сәуірде Баянауыл авиациялық бөлімшесінде авиациялық өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің біліктілігін растау үшін арнайы келесі пәндер бойынша емтихандар мен сынақ тапсыру өткізілді:
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ережелер;
2. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
3. Десанттық дайындау;
4. Орман өрті жабдықтары мен механизмдері;
5. Байланыс және ақпарат;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
Теориялық және практикалық емтихандардың нәтижелері бойынша барлық өрт сөндіруші-десантшылар орман өрттерін сөндіру жұмыстарына рұқсат алды.
2019 жылдың 8-10 сәуірі аралығында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінде өрт сөндіру десанттық қызметінің жеке құрамы арнайы келесі пәндер бойынша емтихан тапсыра отырып, теориялық оқудан өтті:
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ережелер;
2. Ормандарды қорғау және орман өрттерін сөндіру;
3. Десанттық дайындау;
4. Орман өрті жабдықтары мен механизмдері;
5. Байланыс және ақпарат;
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
Оның ішінде десанттық-өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру және орман өрттерін сөндіру жұмыстарына рұқсат алу үшін өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, орман өрттерін сөндіру техникасын пысықтау жүргізілді.

 

2019 жылы 9 сәуірде Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көктерек орманшылығының, Көктерек ҚММ 25 кварталына қауіп төніп тұрған өрт шықты. Жамбыл авиациялық бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері мен уақытылы қабылданған шараларының арқасында өрт шағын алаңда жойылып, оқщауланды. Өрт алаңы-0,03 га. Өртті сөндіруге десанттық-өрт сөндіру қызметінің 4 адамы жұмылдырылды.

 

2019 жылдың 9 сәуірінде өрт қауіпті маусымына әуе-өрт сөндіру қызметінің мамандарын дайындау аясында Баянауыл авиациялық бөлімінде шағын механизация құралдарымен жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

 

2019 жылы 9 сәуірде Ақкөл орман шаруашылығының 294 кварталына, "Бақанас орман шаруашылығы" ҚММ-не қауіп төніп тұрған өрт анықталды. Алматы авиациялық бөлімшесі, жер үсті орман күзеті және ТЖ қызметі қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды. Өрт алаңы-236 га Өртті сөндіруге десанттық-өрт сөндіру қызметінің 2 адамы жұмылдырылды.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға