2022 жылғы 5 шілдеде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РЭУ аумағында 8 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.
2022 жылдың 3 шілдеде Бурабай авиациялық бөлімінің мамандары Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшты. Әуе сапары барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.