2022 жылдың 15 шілдесінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Е.Тлеукор халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Каскад", "Шахтер" және "Радуга" демалыс үйлерінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтау қағидаларымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.
2022 жылдың 15 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ Морозов филиалы Полян орманшылығының 60 орамының аумағында өртті анықтады. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт -сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.