
Өрт сөндіруге Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары, Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары, ерікті өрт сөндіру құрамалары, ТЖД, ІІМ қызметкерлері тартылды. Қарқаралы ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Өрт сөндіруге 200-ден астам адам, 45-тен астам техника, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК 2 тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
2019 жылдың 10 тамызында Шыңғыстай орманшылығы, Шыңғыстай филиалының 17 кварталының аумағында өрт шықты.Өртпен күреске Катон-Қарағай авиациялық бөлімі мен Шыңғыстай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өрт 0,0015 га аумақта ауыздықталды. Өртті оқшаулауға және жоюға: Катонқарағай авиациялық бөлімінің 7 десантшы-өрт сөндірушілері, Шыңғыстай филиалының 10 адамы, 2 техника жұмылдырылды.