2022 жылдың 13 тамызында Бөкебай филиалы Бөкебай орманшылығының 73 орамының аумағында өрт анықталды. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
2022 жылдың 14 тамызында Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы"МОТР РММ аумағында 3 өртті анықтады. 2 өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші -десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.