2022 жылдың 16 маусымында авиациялық патрульдеу барысында Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері Семей филиалының Батпаев орманшылығының 53 орамы мен Жаңасемей филиалының қала маңындағы орманшылығының 30 орамы аумағында 2 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника құралдарымен өртті ауыздықтауға жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.
2022 жылғы 17 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері арасында полицияның аға лейтенанты К.Ж. Иванов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында түсіндірілді тақырыптар:
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою мәселелері;
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.