2020 жылғы 20 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Өскемен авиациялық бөлімшесінің мамандары Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп аралап шықты. Бірлескен орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзудың екі фактісі анықталды. Анықталған бұзушылық орындарын тексеру барысында заңсыз балық аулау құралдары табылып, тәркіленді.

2020 жылдың 20 қазанында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерін сақтауды бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ұлттық парктің аумағын аралап шықты. Авиациялық патрульдеу барысында мемлекеттік босалқы жер аумағында дала өрті анықталды. Өрт туралы ақпарат өртті оқшаулау шараларын қабылдау үшін дереу жердегі өрт сөндіру күштеріне берілді. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

2020 жылдың 18 қазанында Медеу филиалы Каменск орманшылығының 45 орамы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Алматы авиациялық бөлімшесі мен Медеу филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға 30-дан астам адам жұмылдырылды, оның ішінде 5 десантшы Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндірушілері, 5 бірлік техника.

Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен молайтуда қол жеткізген табыстары үшін, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы әзірлемелерді белсенді ынтымақтастығы мен өндіріске енгізгені үшін кәсіпорында 20 жылдан астам жұмыс істеген Баянауыл авиациялық бөлімшесінің басшысы С. Н. Морозовқа  - "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" 2 дәрежелік ведомстволық ерекшелік белгісі берілді.
 Кәсіпорын ұжымы Сергей Николаевичті құттықтап, күрделі және жауапты жұмыста табыс, денсаулық пен амандық тілейді!
Кәсіби мереке-орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, 2020 жылғы 19 қазанда Орман шаруашылығы жүйесіндегі көп жылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы Н.Н. Леснойды, В. В. Загоруйконы, Р. С. Омаровты Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2020 жылғы 23 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бас директоры Кесимбаев А.А. төрағалығымен бейнеконференцбайланыс арқылы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға арналған жиналыс өткізілді. Жиын барысында Антикор.лайф ағартушылық штабының мүшесі - Құмғанбаев Жандос Жұмабекұлы  сөз сөйледі.
Қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясының жобасын әзірледі. Стратегия жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген, оларды іске асыру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Аталған агенттік жұмысының басым бағыттары қоғамдық тұрақтылыққа барынша қауіп төндіретін қылмыстарды анықтаумен және жолын кесумен қатар, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою болып табылады. Мұны агенттік базасында құрылған мамандандырылған ахуалдық орталық та дәлелдейді, ол ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, елдегі криминогендік ахуалдың мониторингін жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды және тиімді әдісі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық, ағартушылық жұмыс болып табылады.
Сонымен қатар, дәріскер "Антикор.лайф" негізгі бағыты ашықтыққа, көпшілікке қолжетімді болуға, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен халықтың кері байланысын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
Заң бөлімінің басшысы Ж. О. Ибраев мемлекеттік органдар басшыларының "Антикор.лайф" форматында сөз сөйлеуі қаншалықты тиімді деген сұрақ қойды. Дәріскер Ж.Ж. Құмғанбаев бұл сөз сөйлеулер мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз етеді деп жауап берді. 2020 жылы  5 қазанда бас директор Кесмбаев А.А. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бойынша кәсіпорын жұмысы туралы баяндамамен сөз сөйлегені бұл жұмыстың мысалы.
Жиын соңында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бас директоры Кесимбаев Арман сөз сөйледі:
"Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 52-бабында белгіленген, оның нормаларынан мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс екендігі келіп шығады.
Сонымен бірге, егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті."
2020 жылдың 19 қазанында Бородулиха авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Д.Ю. Мокроусовпен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде жергілікті тұрғындар арасында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында әңгіме өткізілді. Ауыл тұрғындары орман өртін анықтау кезіндегі сақтық шараларымен, орманда адасқан адамдардың іс-әрекеттерімен, орманға барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.

Кәсіби мереке - орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, 2020 жылғы 18 қазанда Орман шаруашылығы жүйесіндегі көп жылдық адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Ж. К. Серікбаев марапатталды.

2020 жылдың 17 қазанында Бұланды орманшылығының 78 орамы, "Бурабай"МҰТП аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Бурабай авиациялық бөлімшесінің, Бурабай МҰТП, "Отрадненское УЛХ" КММ, ТЖД, "ҚТЖ "ҰК"АҚ күштері мен құралдары лақтырылды. Өрт 2020 жылдың 18 қазанында ауыздықталды. Өртті оқшаулау мен жоюға тікұшақ, өрт пойызы, 100-ден астам адам және 10-нан астам техника жұмылдырылды. 2020 жылғы 18 қазанда өрт орнына жағдайды мониторингілеу, салдарын бағалау және өрт алаңын есептеу үшін Ақмола авиациялық бөлімшесінің тікұшағы келді.
2020 жылдың 15 қазанында Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациямен қарауылдау барысында Бектау ауылдық округінің аумағында дала өртін анықтады. Өрт апатымен күреске Ақмола авиациялық бөлімшесінің, "Кеңес ОШ" КММ және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға тікұшақ, Ақмола авиациялық бөлімшесінің 10 десантшы-өрт сөндірушісі, "Кеңес ОӨШ" КММ-нің 12 адамы, жергілікті өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға