2020 жылдың 30 қыркүйегінде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Жамбыл авиациялық бөлімшесінің АӨТ нұсқаушысы А.К. Дүзенов ШЖҚ "Мойынқұм ауданының орталық аудандық ауруханасы" МКК қызметкерлері арасында "орманды өрттен сақта" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.
2020 жылдың 29 қыркүйегінде Талдықорған авиациялық бөлімшесі күзететін аумақтың авиациялық патрульдеу барысында Үштөбе ҚМУ-нің 143 және 146 кварталына қауіп төндіретін дала өрті анықталды. Өрт апатымен күреске Талдықорған авиациялық бөлімшесі мен Үштөбе ҚМУ күштері мен құралдары лақтырылды. Тұтануды оқшаулауға барлығы 20-дан астам адам жұмылдырылған, оның ішінде Талдықорған авиациялық бөлімшесінің 6 десантшы-өрт сөндірушісі, 4 бірлік техника, тікұшақ.