

Өртті сөндіруге Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 6 өрт сөндіруші-десантшылары, Қатон-Қарағай МҰТП 100-ден астам адамы, 5-тен астам техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 86.2 га.
2019 жылдың 8 қазанында КММ «Аққөл ООШ» Ақкөл орман шаруашылығының 109 кварталына қауіп төніп тұрған өрт анықталды. Өрт апатымен күреске Ақмола авиациялық бөлімшесінің және "Ақкөл ООШ" КММ күштері мен құралдары жіберілді. Жаттыққан іс-әрекеттердің күшімен өрт тоқтатылды, Мемлекеттік орман қорына төнген қауіп алынды. Өрт 0,01 га аумақта жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға Ақмола авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 5 өрт сөндіруші-десантшысы, "Ақкөл ООШ" КММ 8 адамы, 4 техника жұмылдырылды.
Авиарейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды - Қызыл кітаптағы балықты заңсыз аулау. Қызыл кітаптағы балықты заңсыз аулау аулау фактісі бойынша барлық материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Алтай қаласының АІІБ-не берілді.
Сол күні Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының
аумағында заңсыз балық аулауды жүзеге асыратын қорық аумағындағы топ ұсталды.
Оқиға орнына Теректі кенттік полиция бөлімінің жедел тобы жеткізілді.
Тексеру кезінде
заңсыз аулау өнімдері, аулау құралдары және тіркелмеген қарудың бір бірлігі
табылды. Бұл ретте, топ көлік құралын жүргізу құқығына құжаттары жоқ үшінші
тұлғаға тиесілі автомашинада орын алған.