2019 жылғы 24 қыркүйекте Қарқаралы авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына іргелес мемлекеттік қордағы жер аумақтарынан (буферлік аймақ) дала өрті табылды. Қарқаралы МҰТП Кент орманшылығының 183 кварталының аумағына өрт шығу қаупі туындады. Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің, Қарқаралы МҰТП және ЕӨПҚ күштері мен құралдары өрт апатпен күреске тасталды. Барлық өрт сөндіру қызметтерінің үйлесімді іс- әрекеттерінің арқасында өрт барлық фронт бойынша оқшауланып, мемлекеттік орман қорына қауіп шешілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға: тікұшақ және Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП 8 адамы, ерікті өрт сөндіру құрамалары 20 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды . Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.02 га кіші алаңда жойылды.
2019 жылы 23 қыркүйекте Шу өзенінің жайылмасында Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында өрт табылды. Өрттің МОҚ аумағына өту қаупі туындады. Өрт орнына өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін. өрт сөндіру құралдары бар 4 өрт сөндіруші- десантшы түсірілді. Ұзақ және қажырлы күрескеннен кейін өрт барлық бағыттар бойынша оқшауланып, жойылды. Өрт сөндіруге Жамбыл авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 4 десантшысы жұмылдырылды. Өрт аумағы 0,5 га.

2019 жылы 22 қыркүйекте Жалаир орманшылығының 168 және 162 кварталдарының, "Бурабай"МҰТП аумағына көшумен бидай алқаптарының жануы табылды. Өртке қарсы апатпен күреске Бурабай авиациялық бөлімшесінің,  "Бурабай" МҰТП, Щучинск қ. МӨСБ, Отрадненское және Ұрымқай ҚМУ ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіру қатты желмен күрделенді(екпіні 30 м / с дейін ). Өрт апатымен ұзақ және табан тірескен күрестен кейін, өрт 9,4 га көлемі алаңында жойылды. Өртті сөндіруге: Боровской авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 5 өрт сөндіруші-десантшысы МҰТП "Бурабай", ЕӨҚ, Щучинск қ. МӨСБ, Отрадненское және Ұрымқай ҚМУ 130-ға жуық адам, 21 бірлік техника жұмылдырылды.

2019 жылғы 20 қыркүйекте Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшы И. В. Кондратьевпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Концерн Найза Құрылыс " ЖШС қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Ұйым қызметкерлері орманда отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс- әрекеттермен, орманда адасқан іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барғанда санитарлық нормаларды сақтаумен танысты.
2019 жылдың 24 қыркүйегінде Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары мемлекеттік инспектор В. А. Бакановпен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында күзетілетін аумақты аралап көрді. Авиарейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
2019 жылы 23 қыркүйекте Аққу орманшылығының 133 кварталына, "ООШ Ақкөл " КММ-не қауіп төніп тұрған дала өрті табылды. Өрт апатымен күреске Ақмола авиациялық бөлімінің, "ООШ Ақкөл" КММ, "ООШ Кеңес" КММ күштері мен құралдары тасталды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс- әрекеттерінің арқасында өрт тоқтатылды,мемлекеттік орман қорына қауіп шешілді. Өрт 15 га көлемінде жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға: тікұшақ және Ақмола авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы,  "ООШ Ақкөл" КММ,  "ООШ Кеңес" КММ  21 адамы, 11 бірлік техника жұмылдырылды.

2019 жылғы 23 қыркүйекте Риддер авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшы С. В. Жидковпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Риддер қаласының жылу жүйесі қызметкерлері арасында "ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Ұйым қызметкерлері орман алқабының аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс- әрекеттермен, орманға келген кездегі санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.

2019 жылдың 20 қыркүйегінде Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесімен күзетілетін аумақта авиациямен қарауылдау барысында Черновин орман шаруашылығының 139 кварталында, "Катон-Қарағай" МҰТП, өрт табылды. Өрт апатымен күреске Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесінің және "Катон-Қарағай"МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Өрт 0,001 га аумақта жойылды. Өртті сөндіруге Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 4 өрт сөндіруші- десантшысы, "Катон-Қарағай"МҰТП-ның 14 адамы жұмылдырылды.

2019 жылғы 23 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Павлодар авиациялық бөлімінің АӨҚ нұсқаушысы В. В. Бабаков жөндеу-механикалық шеберханалардың (ЖМШ) қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері орман алқабының аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс- әрекеттермен, орманға келген кездегі санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.

2019 жылы 22 қыркүйекте Көктерек ҚМУ 101 кварталына қауіп төніп тұрған дала өрті анықталды. От апатымен күреске Жамбыл авиациялық бөлімшесінің және Көктерек ҚМУ күштері мен құралдары тастанды. Өртті сөндіруге Жамбыл авиациялық бөлімінің 5 қызметкері, Көктерек ҚМУ 10 адамы және 4 техника жұмылдырылды . Өрт алаңы анықталуда.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға