

Оқу-жаттығуға ШҚО ТЖД
бөлімшелерінің, Өскемен, Верх-Уба және Мало-Уба орман шаруашылықтарының,
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Өскемен авиациялық бөлімшесінің,
ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру бірлестіктерінің,
сондай-ақ Ұлттық ұлан бөлімшелерінің өрт сөндіру күштері мен құралдары қатысты.
Өскемен авиациялық бөлімшесіне қойылған міндет толық көлемде орындалды.
Сыртқы аспада сөндіру орнына суды жеткізу жүргізілді.
Десантшылар тобын өрт сөндіру құралдары бар
түсіру құрылғыларында жұмыс учаскесіне түсіру жүргізілді.
Тірек көбік жолағын төсеу және қол және моторизацияланған құралдармен, сондай-ақ Уаз
"Фермер" автомобилінің базасында жоғары қысымды өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған
МЛДК қолдана отырып күйдіруді іскеқосу орындалды.
2019 жылы 26 маусымда "Ертіс орманы" МОТР РМБ Бесқарағай филиалының Көкжал орманшылығының 93 кварталы аумағында пайда болған өрт жойылды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар авиациялық бөлімінің 7 өрт сөндіруші-десантшысы, Бесқарғай филиалының 8 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт кіші алаңда - 0.42 га жойылды.