Жамбыл авиабөлімшесімен
2019 жылдың өрт қауіпсіздік маусымына дайындалу кезеңінде келесі іс-шаралар
орындалды:
- АӨҚ жеке құрамы
медициналық тексеруден өтті;
- жеке құраммен орман
өрттерін сөндірудің негізгі мәселелері, қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт
сөндіру құралдарын қолдану, тікұшақта адамдар мен жүктерді туындаған орман
өрттері орындарына жеткізу бойынша теориялық сабақтар өткізілді;
- Таборлық мүлкі мен өрт
сөндіру құралдарын пайдалануға дайындық жүргізілді;
- АӨҚ жеке құрамының дене
шынықтыру дайындығы жүргізілді;
- қызметтік
автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және консервация жүргізілді;
- картографиялық
материалдарды дайындау жүргізілді;
- радиостанцияларды
пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.