2022 жылдың 9 тамызында Жамбыл авиациялық бөлімінің мамандары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2022 жылдың 9 тамызында Риддер авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшы С.А. Переверзевпен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде Коноваловка кенттік округінің тұрғындары арасында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.