2021 жылдың 14 қазанында Алматы авиациялық бөлімшесінің мамандары Алматы мемлекеттік табиғи қорығының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2021 жылғы 14 қазанда Бородулиха авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Е.В. Пирихпен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде "Фортуна" және "Ника" дүкендерінің келушілері мен персоналы арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәрістер өткізілді. Дәріс барысында қатысушылар МОҚ аумағында отты қолдану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау және табиғи ресурстарды сақтау ережелерімен таныстырылды. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.