2019 жылғы 29 тамызда халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Бородулиха авиациялық бөлімінің АПГ нұсқаушысы А. Л. Матаев Бородулиха РОНО қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізді. Дәріс барысында қатысушылар мемлекеттік орман қоры аумағында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға барғанда санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.

2019 жылы 29 тамызда Қарқаралы авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Қарқаралы МҰТП 79 кварталында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Қарқаралы авиациялық бөлімшесі мен Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары отты апатпен күреске жіберілді. Өрт 0,002 га алаңда жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға тікұшақтар мен Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП-ның 15 адамы, 1 техника жұмылдырылды.

 

2019 жылы 28 тамызда халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы А. М. Дурмешевпен "Балғаным" ЖК қызметкерлері арасында "Орманды өрттен қорғаңыздар" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Қызметкерлер орман алқабы аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға бару кезіндегі санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.

2019 жылы 28 тамызында Ақмола авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Пушкин орманшылығы 107 кварталының аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күресу үшін Ақмола авиациялық бөлімшесі мен Отрадный ҚМУ күштері мен құралдары тастанды. Өртті сөндіруге тікұшақ және Ақмола авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, Отрадное ҚМУ 8 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт себебі-найзағай.

2019 жылдың 27 тамызында Бородулиха филиалының 122 кварталының аумағында өрт шықты. Өрт болған жерге Бородулиха авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен "Семей Орманы" МОТР Бородулиха филиалының өрт сөндіру құралдарымен қызметкерлері келді. Өртті дер кезінде анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде өрт 0,18 га алаңда жойылды. Жануды оқшаулауға және жоюға тікұшақ және Бородулиха авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бородулиха филиалының 27 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

2019 жылғы 26 тамызында мемлекеттік қор жерлері аумағында өрт пайда болды. Өрт орнына Ақмола авиациялық бөлімшесінің, Ақкөл ҚМУ және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары келіп жетті. Дер кезінде анықтау және оқшаулау шараларын қабылдау нәтижесінде өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп жойылды. Өрт 5 га көлемінде сөндірілді. Өртті оқшаулауға және жоюға Ақмола авиациялық бөлімінің 8 өрт сөндіруші-десантшысы, Ақкөл ҚМУ-нің 15 адамы, Өрт сөндіру бөлімі, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

 

2019 жылғы 26 тамызында Золотобор орманшылығының 63 кварталы, "Бурабай"МҰТП аумағында өрт шықты. Өрт орнына Бурабай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен "Бурабай" МҰТП қызметкерлері өрт сөндіру құралдары мен оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін келді. Өртті дер кезінде анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде өрт 0,001 га алаңда жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға: Боровской авиациялық бөлімшесінің 5 өрт сөндіруші-десантшысы, Бурабай МҰТП-ның 10 адамы, 2 техника жұмылдырылды.

 

2019 жылы 26 тамызында Жамбыл авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған дәріске қатысты. Мойынқұм ауданы бойынша "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. О. Қошқымбаев:

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері»;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою мәселелері;

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.

2019 жылы 26 тамызында халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Ақмола авиация бөлімінің АПГ нұсқаушысы А. С. Трубицыновпен Ақкөл балалар үйінің № 1 тәрбиеленушілері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Балалар орманда отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасқан іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барғанда санитарлық нормаларды сақтаумен танысты.
2019 жылғы 26 тамызында халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Павлодар авиациялық бөлімшесінің АПҚ нұсқаушысы В. В. Бабаковтың қатысуымен "Шалдай" шекара заставасының әскери қызметшілері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Әскери қызметшілер орман алқабы аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға бару кезіндегі санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға