2019 жылы 17 маусымда Наурызым МТҚ (дала учаскесі) аумағына осыған дейін мемлекеттік жер қорының аумағында пайда болған өрт өтті. Өрт апатымен күресуге Қостанай авиациялық бөлімшесі мен Наурызым МТҚ жұмысшылары, ерікті құрылымдар мен Наурызым ауданының ауылдық құрылымдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өртпен күрес жоғары температура және қатты жел әсерінен қиындай түсті. Өрт алаңы шамамен 1000 га (ормансыз, дала учаскесі).
2019 жылдың 17 шілдесінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшысы Ж. А. Алдашов халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Нұркен Әбдіров ауылында "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ауылдық округ тұрғындары мен қызметкерлері авиациялық бөлімшемен жүргізіліп жатқан жұмыстармен, МҰТП аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, МҰТП ормандарына бару кезіндегі санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты.

 

2019 жылдың 17 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімімен қорғалатын аумақты авиациямен қарауылдау барысында Бородулиха бөлімінің 76 кварталының аумағында өрт шықты. От апатымен күреске Бородулиха Авиациялық бөлімі мен Бородулиха филиал күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ пен Бородулиха авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бородулиха филиалының 12 адамы, 4 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.07 га кіші алаңда жойылды.

2019 жылдың 17 шілдесінде Бурабай авиациялық бөлімшесінің аумағында жиналыс өтті, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған әңгімелесулерді өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР заңдары мен қаулыларын талқылау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар, кәсіпорын қызметкерлеріне үстеме ақылар, жаңа штат кестесі, жаңа лауазымдық нұсқаулықтар мен оларға толықтырулар, жаңадан ұйымдастырылған кәсіподақ, Ұжымдық шарт мәселелері қаралды.

2019 жылдың 16 шілдесінде Ақмола авиациялық бөлімшесінің аумағында жиналыс өтті, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған әңгімелесулерді өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР заңдары мен қаулыларын талқылау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар, кәсіпорын қызметкерлеріне үстеме ақылар, жаңа штат кестесі, жаңа лауазымдық нұсқаулықтар мен оларға толықтырулар, жаңадан ұйымдастырылған кәсіподақ, Ұжымдық шарт мәселелері қаралды.

2019 жылы 15 шілдеде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Павлодар авиациялық бөлімінің АӨҚ нұсқаушысы В. В. Бабаков Шалдай орта мектебінің дайындық тобының оқушылары арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Балалар орман алқабында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға келген кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.
   
2019 жылдың 15 шілдесінде Жамбыл авиациялық бөлімі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Байзақ ҚМУ, Бескепин орманшылығының 49 кварталы аумағында өрт шықты. Өрттің ауданы 10 га құрады. Жамбыл авиациялық бөлімінің (тікұшақ және 2 өрт сөндіруші-десант), Байзақ, Жамбыл, Ақыртөбе, Жуалы ҚМУ, әкімдік және ТЖ күштері мен құралдары отты апатпен күреске жіберілді. Қатты жел мен құрғақ ауа райының салдарынан өрт кең аумақта тез таралды. Қазіргі уақытта өрт жойылды. Өрт алаңы анықталуда.

Өрт Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 83 және 73 квартал аумақтарында орын алды. Өрт орнына дереу Баянауыл МҰТП және Баянауыл авиациялық бөлімшесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өртпен күрес жоғары температурамен, қатты желмен және күрделі тау бедерімен күрделенді. Өрт сөндірушілерге қосымша өрт сөндіру машиналары, су тасығыштар және автоцистерналар жіберілді.
16 шілдеде өртті сөндіруге Өскемен авиациялық бөлімінің Ми-8 тікұшағы, сыртқы аспадағы суағар құрылғысы және бортындағы өрт сөндіруші десантшылары жұмылдырылды. 
2019 жылғы 17 шілдеде өртті сөндіруге Сыртқы аспадағы суағар құрылғысы бар Ми-26 тікұшағы жұмылдырылды.  
Жалпы алғанда өрт ошақтарына 100-ден астам мақсатты су төгінділері орындалды, жалпы мөлшері 350 тоннадан астам. 
Барлық өрт сөндіру қызметтерінің үйлесімді және шебер іс-әрекеттерінің арқасында үш күннен кейін оттың одан әрі таралуын тоқтату мүмкін болды. Өрттің шамамен ауданы 46 га.

 

2019 жылы 14 шілдеде Көкшетау авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Шалқар филиалының Ақан сері орманшылығының 46 кварталынан өрт шықты. Өрт апатымен күреске Көкшетау авиациялық бөлімшесі мен Шалқар филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге: Көкшетау авиациялық бөлімінің тікұшағы, басшысы және 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалқар филиалының 15 адамы, 4 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.05 га кіші алаңда жойылды.
2019 жылғы 13 шілдеде Баянауыл МҰТП, Жасыбай орманшылығының 35 кварталы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесінің, Баянауыл МҰТП және жергілікті халықтың күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндіру қатты желмен және ескі өртпен қоқыстаумен қиындады. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт кіші алаңда - 0.2 га (ескі өрт) жойылды. Өртті ауыздықтауға және жоюға: тікұшақ, Баянауыл авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, Баянауыл МҰТП-ның 12 адамы, 4 жергілікті тұрғын, 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға