2019 жылғы 7
мамырда Боганда орманшылығының 100 кварталының аумағында, "Бурабай"
МҰТП өрт жойылды. От апатымен күреске Бурабай және Ақмола авиациялық
бөлімшелерінің, жер үсті орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Отпен ұзақ және табанды күрескеннен кейін өрт 2.4 га аумақта жойылды.
2019 жылы 7 мамырда
Каменск-Орал орманшылығының 115 және 118 кварталдарының аумағында өрт жойылды. Өртке
қарсы Қостанай авиациялық бөлімшесі, Боровской орман шаруашылығы мекемесі,
Мендіқара ауданының ТЖБ, Мендіқара ауданы әкімдігінің күштері мен құралдары күреске жіберілді. Отпен ұзақ және табанды
күрескеннен кейін өрт 24.3 га көлемінде жойылды. Өртті сөндіруге 63 адам және 24
бірлік техника жұмылдырылды.
2019 жылы 7 мамырда Жамбыл авиациялық бөлімшесі
күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына
іргелес мемлекеттік қор жерлерінен (буферлік аймақ) өрт шықты. Мойынқұм КММ-нің
5 және 6 кварталдарына өрт шығу қаупі туындады. Өрт орнына тікұшақтан өрт
сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар
түсірілді. Өрттің таралу жылдамдығын, оның қарқындылығын, ауданы мен басқа да
факторларды ескере отырып, ұшқыш-бақылаушықарсы құлауды ұйымдастыру өрт-сөндіру
әдісін пайдаланды. Бұл әдіс өрттің мемлекеттік орман қоры жағына таралуын
тоқтатуға мүмкіндік берді. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұшқыш-бақылаушы, Жамбыл
авиациялық бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші десантшысы жұмылдырылды. Өрт алаңы 5
га.
2019 жылы 7 мамырда
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Риддер авиациялық бөлімшесінің мамандары Батыс
Алтай мемлекеттік табиғи қорығы РММ
өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және
табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорықтың аумағын
аралап шықты. Авиарейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Табиғи
мекендейтін аумақта қоңыр аюдың ұрғашысы ұрпағымен бірге түсірілді.
2019 жылы 6 мамырда
Талдықорған авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау
барысында мемлекеттік қор жерлерінде (Новостройка ауылы маңында) өрт шықты. Өрт
туралы ақпарат өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін
дереу жердегі өрт сөндіру қызметтеріне берілді. Табылған кездегі өрт ауданы 0.1
га.
2019 жылғы 5 мамырда
Ақкөл округінің аумағынан Ақкөл орман шаруашылығының 141 орамына, Ақкөл КММ
өткен өрт жойылды. Өрт апатымен күреске Ақмола авиациялық бөлімшесі мен жер
үсті орман күзетінің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды. Өртті сөндіруге
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК АӨҚ-нің 5 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру
қызметінің 10 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 35 га (оның
ішінде МОҚ - 0.02 га).
2019 жылғы 4
мамырда Темнобор орманшылығының 120 кварталы, "Бурабай"МҰТП аумағында
өрт жойылды. Қатты жел және жоғары температура оттың тез таралуына ықпал етті.
От апатымен күреске Бурабай авиациялық бөлімшесінің және жер үсті орман
күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Отпен ұзақ және табанды
күрескеннен кейін өрт 8 га көлемінде жойылды.
2019 жылы 4 мамырда
Пригородный КММ-нің 76 кварталында пайда болған өрт жойылды. Өрт сөндіруге
Пригородный және Арақарағай орман шаруашылығы мекемелері, Қостанай облысы ТЖД,
Қостанай ауданы әкімдігі, "Қазавиаорманқорғау"РМҚК Қостанай
авиациялық бөлімшесінің күштері қатысты. Өрт алаңы 50 га.
4 мамыр 2019 жылы
"Сандықтау ОӨОШ" РММ-нің 146 кварталында болған өрт жойылды. Қатты
жел, жоғары температура және құрғақшылық оттың тез таралуына ықпал етті. Өрт
апатымен күреске Көкшетау авиациялық бөлімінің, жер үсті орман күзетінің, № 17
өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ, бақылаушы-ұшқыш,
Көкшетау авиациялық бөлімінің 8 өрт сөндіруші-десантшысы, 13 адам жер бетіндегі
өрт сөндіру күштері, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Отпен ұзақ және табанды
күрескеннен кейін өрт 11.9 га аумақта жойылды.
2019 жылғы 4 мамырда Жамбыл авиациялық
бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман
қорына іргелес мемлекеттік қордағы жер аумақтарынан (буферлік аймақ) дала өрті
анықталды. Өрт орнына тікұшақтан өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол
бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар түсірілді.
Ұзақ және қажырлы күрескеннен
кейін өрт барлық бағыттар бойынша оқшауланып, жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ,
ұщқыш-бақылаушы, Жамбыл авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десанты
жұмылдырылды. Өрт алаңы 3 га.