2022 жылдың 18 шілдесінде Қарқаралы авиациялық бөлімінің мамандары қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдауды жүргізу кезінде мемлекеттік орман қоры аумағындағы және оған іргелес мемлекеттік орман қоры аумағындағы шабындықтар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдар қаралды. Ормандар мен ерекше қорғалатын аумақтарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбына нұсқамалар мен парақшалар таратылды. МОҚ аумағын қарау кезінде өрт және орман тәртібін бұзушылық анықталған жоқ.
2022 жылдың 18 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ аумағында 2 орман өртін анықтады. Өрттерді оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт- сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.