2022 жылдың 11 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РЭУ аумағында 2 өртті анықтады. Өрттерді оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт -сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.
2022 жылдың 11 шілдесінде Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 24 орамы аумағында өрт анықталды. Жану орнына Баянауыл авиациялық бөлімінің өрт -сөндіруші десантшылары, жердегі орман күзетінің және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.