2021 жылдың 12 қыркүйегінде Талдықорған ҚМУ Қаратал орманшылығы аумағынан өрт шықты. Өрт шыққан жерге Талдықорған авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
 
2021 жылдың 13 қыркүйегінде Павлодар авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақтың авиациямен қарауылдау барысында Бесқарағай филиалының Баимбет орман шаруашылығының 174 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
 
Ақмола облысы ПД нұсқауына сәйкес, сондай-ақ браконьерлікке, заңсыз балық аулауға және заңсыз ағаш кесуге қарсы іс-қимыл мақсатында ағымдағы жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Ақкөл ауданының аумағында "Браконьер"жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында жедел алдын алу іс-шарасы "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Солтүстік әуе кемесінің командирі Н.Н. Лесныймен бірлесіп тікұшақ және өзге де техниканы пайдалана отырып, табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шара өткізді.
Нәтижесінде аң аулау ережелерін бұзумен байланысты 2 құқық бұзушылық анықталды, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі (аң аулау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Егер сіз жануарлар дүниесі объектілерін және су биологиялық ресурстарын заңсыз аулаудың куәгері болсаңыз, Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне 2-10-02; 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз.
op_akkol

 
2021 жылғы 11 қыркүйекте Бурабай авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
 
2021 жылғы 10 қыркүйекте мемлекеттік қор жерлерінде Риддер ҚМУ қала маңы орманшылығының 5 және 6 кварталына қауіп төндіретін өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Риддер авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды.
 
2021 жылдың 10 қыркүйегінде Риддер авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушілерімен Е.С. Керимбаев, С. А. Переверзев және С. В. Жидков халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде Риддер қаласының тұрғындары арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәрістер өткізілді. Қала тұрғындары ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.
 
2021 жылғы 9 қыркүйекте Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Шалдай филиалы Садықашы орманшылығының 70 және 110 орамдарының аумағында 2 өртті анықтады. Өрт болған жерге Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.
 
2021 жылдың 9 қыркүйегінде Беген филиалының Семенов орман шаруашылығының 75-ші кварталына қауіп төндіретін дала өрті табылды. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып,жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды.
 
2021 жылдың 9 қыркүйегінде Новошульба филиалының Успен орманшылығының 60-кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
 
2021 жылдың 9 қыркүйегінде Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі М.В. Кондратовпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ ұжымы арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісі өткізілді. Дәріске қатысушылар авиациялық бөлімше жүргізіп жатқан жұмыстармен, КГНПП аумағында отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-қимылдармен, кгнпп орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау қағидаларымен танысты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға