2020 жылғы 10 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Кеңес
ТЖК КММ директоры Қарабаев Ж.Б. және Ақкөл аудандық табиғатты қорғау
полициясының өкілі инспектор Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп табиғатты пайдалану
ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін
анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен
қарауылдау барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды-ағаштар
мен бұталардың заңсыз зақымдануы, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау
заңнамасын бұзу фактісі полиция бөлімінде тіркелді, қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары
жүргізілуде.