2019 жылғы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Тайбогар орманшылығының 128 кварталы, "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт сөндіруші десантшысы, Бесқарағай филиалының 10 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.
2019 жылғы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көкжал орманшылығының 124 кварталы, "Ертіс орманы"МОТР РММ Бесқарағай филиалының аумағында өрт шықты.Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт сөндіруші десантшысы, Бесқарағай филиалының 9 адамы, 2 техника
жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.01 га кіші алаңда жойылды.