
Алматы орман күзеті бөлмішесінің бақылаушы ұшқышы Алмаарасан
шатқалының батыс беткейінде 3
га астам алаңда өсімдік жамылғысының жануын байқады.
Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, өрт туралы ақпарат «112» және «101» қызметіне келіп түсті. Тұтанған өрт қатты желдің салдарынан орман паркінің аумағына тез таралып, жақын маңдағы туристердің шатырларына өту қаупін төндірді.
Орман шаруашылығының өкілдеріне өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері, сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 көпфункциялы тікұшағы мен Алматы қаласы құтқару қызметінің МИ-8 тікұшағы көмекке келді.
Серік ӘУБӘКІРОВ,
Алматы қаласы ТЖД бастығы, Өртке қарсы қызмет генерал-майоры:
-Қауіпсіздік шараларын жүйелі түрде қамтамасыз ету және
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Азматтық қорғаныс
күштерінің дайындығын арттыру, туризмді дамытуға және қала экономикасына
инвестиция салуға ықпал етеді. 2018 жылы Қазақстанда 358 орман өрті болды.
Алматы қаласында соңғы 7 жыл ішінде таулы-орманды жерлер мен қала
аумағына іргелес орман-саябақ аймақтарында өрт қауіпті кезеңге дайындық кезінде
жүргізілген алдын алу шараларының арқасында өртке берілген жоқ.
Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,
«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы:
-Өрт-тілсіз жау. Әсіресе, орман өрті құрлық техникасымен
қатар, авиатезхниканы да өте қажет етеді. Биік таулы аймақтардағы орман өртін
сөндіру үшін өрт ошағына әуеден су себіліп, әуе десантшылары түсіріледі.
Бүгінгі оқу-жаттығуында біздің мекемеден Partenavia ұшағы көтеріліп, өрт
шыққан аумақты бақылап, тиісті мекемелерге хабарлады. Шатқал ішімен де жедел
тобымыз қатысты. Барлығы жоспар бойынша өтті. Біз барлығымыз, өрттің шықпауын
тілейміз. Алдын алу үшін барлық түсіндіру шаралары жүргізілуде. Біз күн сайын
әуеден бақылау жүргіземіз. Орман-Отанымыздың байлығы. Сондықтан, оның болашаққа
сақтап қалу, біздің ең басты жұмысымыз.
Іле Алатауында өткен оқу-жаттығуына барлық қызметтен 121
адам, 22 бірлік техника мен 4 әуе кемесі жұмылдырылды.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
(Суреттерді түсірген автор)
Алматы қаласы
http://kazgazeta.kz/?p=84499
Жанат БАЙЖАНОВ,
«Қазәуеорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы:
— Бүгінгі ұшып өткен ара қашықтығымыз- 460 шақырым. Біз ВО-105 тікұшағы мен Parten Avia ұшағы көмегімен күнделікті бақылау жүргіземіз. Ұшу мақсаты — өртті қарау және заңсыз броконерлікті бақылау. Әуе бақылауындағы біздің жұмысымызға мемлекеттік инспектор А.Мұсаев та бірге қызмет жасады. Бүгін айтарлықтай құқық бұзушылық байқалған жоқ, тек қайтар бағытта Іле өзені бойынан екі балықшы электрлі қайығымен біздің бақылауымызды байқап, қашып құтылды.
Еске салайық, 2019 жылғы «Мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусымды белгілеу туралы» №17-5-6/75 бұйрығына сәйкес — Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Алакөл, Алматы, Үстірт, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорықтары, «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Іле-Алатау, «Көлсай Көлдері», Жоңғар-Алатау, Шарын және Сайрам-Өгем, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелері өрт қауіпсіздігі маусымын бақылауда.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Балқаш ауданы, Алматы облысы
(Суреттерді түсірген автор)
http://kazgazeta.kz/?p=84285
Әрине, орманның алғашқы жауы өрт қаупі. Еліміздың солтүстік жақтарында өрттің басталуына көбіне найзағайдың түсуі себепші болса, ал оңтүстікте жағдайды ушықтыратын адамдардың өздері. Әсіресе қауіптің басым бөлігі қойшылардың кепкен шөптерді өртеуі кезінде бастау алады.
Алқаптағы шөптің бұл әдістен кейін жақсы өсе қоймайтындығы бұрыннан зерттеліп қойса да, әрі заң жүзінде тыйым салынғанына қарамастан кепкен шөпті өртеуді адамдар тоқтатар емес. Көп жағдайда кепкен шөптің жалыны орманға шауып, біраз жерді от шарпып үлгереді. Демалуға келген адамдар да өрттің алдын алғаны абзал. Себебі жерге түскен темекі қалдығы, сөндірілмеген алаудың кесірінен де орманға өрт қаупі бар. Қамысты өртейтін балықшылардың да, сол қамыстың ішіндегі өмір сүретін аққу, бірқазан, үйрек сияқты құстарға да қаншама зиянын тигізуде.
Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы:
— Қазіргі уақытта күн қызуының ең жоғарғы деңгейге жеткендіктен бізде бесінші сатыдағы өрт қаупі көрсеткіші тұр. Мұндай кезде өрт әртүрлі себептермен, тіпті, қауіпсіз дейтін аймақтардың өзінен байқалуы мүмкін. Әуе қауіпсіздік күзеті өрттің ошақ қасында жүргеніне талай уақыт болды. Біздің қолымызда тікұшақтар, ұшақтар бар, арнайы оқу-жаттығулардан өткен өрт десантшылары жұмыс істеуде. Күн сайын бақылау ұшақтары Іле Алатауы жоталарын, Іле өзені мен Балқашқа дейінгі ормандарды тексеріп отырады.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
http://kazgazeta.kz/?p=84230