2019 жылы 7 мамырда Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына іргелес мемлекеттік қор жерлерінен (буферлік аймақ) өрт шықты. Мойынқұм КММ-нің 5 және 6 кварталдарына өрт шығу қаупі туындады. Өрт орнына тікұшақтан өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар түсірілді. Өрттің таралу жылдамдығын, оның қарқындылығын, ауданы мен басқа да факторларды ескере отырып, ұшқыш-бақылаушықарсы құлауды ұйымдастыру өрт-сөндіру әдісін пайдаланды. Бұл әдіс өрттің мемлекеттік орман қоры жағына таралуын тоқтатуға мүмкіндік берді. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұшқыш-бақылаушы, Жамбыл авиациялық бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші десантшысы жұмылдырылды. Өрт алаңы 5 га.

2019 жылы 7 мамырда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Риддер авиациялық бөлімшесінің мамандары Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы  РММ өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорықтың аумағын аралап шықты. Авиарейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Табиғи мекендейтін аумақта қоңыр аюдың ұрғашысы ұрпағымен бірге түсірілді.

 

2019 жылы 6 мамырда Талдықорған авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік қор жерлерінде (Новостройка ауылы маңында) өрт шықты. Өрт туралы ақпарат өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін дереу жердегі өрт сөндіру қызметтеріне берілді. Табылған кездегі өрт ауданы 0.1 га.

 

2019 жылғы 5 мамырда Ақкөл округінің аумағынан Ақкөл орман шаруашылығының 141 орамына, Ақкөл КММ өткен өрт жойылды. Өрт апатымен күреске Ақмола авиациялық бөлімшесі мен жер үсті орман күзетінің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК АӨҚ-нің 5 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру қызметінің 10 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 35 га (оның ішінде МОҚ - 0.02 га).

 

2019 жылғы 4 мамырда Темнобор орманшылығының 120 кварталы, "Бурабай"МҰТП аумағында өрт жойылды. Қатты жел және жоғары температура оттың тез таралуына ықпал етті. От апатымен күреске Бурабай авиациялық бөлімшесінің және жер үсті орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Отпен ұзақ және табанды күрескеннен кейін өрт 8 га көлемінде жойылды.

2019 жылы 4 мамырда Пригородный КММ-нің 76 кварталында пайда болған өрт жойылды. Өрт сөндіруге Пригородный және Арақарағай орман шаруашылығы мекемелері, Қостанай облысы ТЖД, Қостанай ауданы әкімдігі, "Қазавиаорманқорғау"РМҚК Қостанай авиациялық бөлімшесінің күштері қатысты. Өрт алаңы 50 га.

4 мамыр 2019 жылы "Сандықтау ОӨОШ" РММ-нің 146 кварталында болған өрт жойылды. Қатты жел, жоғары температура және құрғақшылық оттың тез таралуына ықпал етті. Өрт апатымен күреске Көкшетау авиациялық бөлімінің, жер үсті орман күзетінің, № 17 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді.  Өртті сөндіруге тікұшақ, бақылаушы-ұшқыш, Көкшетау авиациялық бөлімінің 8 өрт сөндіруші-десантшысы, 13 адам жер бетіндегі өрт сөндіру күштері, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Отпен ұзақ және табанды күрескеннен кейін өрт 11.9 га аумақта жойылды.

2019 жылғы 4 мамырда Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына іргелес мемлекеттік қордағы жер аумақтарынан (буферлік аймақ) дала өрті анықталды. Өрт орнына тікұшақтан өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіруші десантшылар түсірілді.
Ұзақ және қажырлы күрескеннен кейін өрт барлық бағыттар бойынша оқшауланып, жойылды. Өртті сөндіруге тікұшақ, ұщқыш-бақылаушы, Жамбыл авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десанты жұмылдырылды. Өрт алаңы 3 га.
   

2019 жылғы 3 мамырда Баянауыл авиациялық бөлімшесі Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ірі орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыруға жауапты Баянауыл ауданының мекемелері мен бөлімшелерінің байқауларына қатысты. Іс-шара барысында ұйымдардың төтенше жағдайларды (ірі орман өрттерін) жоюға дайындығы мен жабдықталуы тексерілді. Байқауға Баянауыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, Баянауыл МҰТП, № 24 Баянауыл өрт сөндіру бөлімі, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесі, Баянауыл ішкі істер бөлімі, Баянауыл АЭЖ , Баянауыл аудандық ауруханасы қатысты. Тексеру Баянауыл МҰТП жерлерінде орман өрттерін сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту жоспарына сәйкес аудандық ТЖ бөлімімен ұйымдастырылды.

Өрт күзеті бөлімшелерінің және авариялық-құтқару құралымдарының күштері мен құралдарын, өзге де күштер мен құралдарды тарту облыс аумағында немесе тиісті муниципалдық ауданның аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген кезде немесе орман өрттері құрамалары дербес сөндіре алмайтын орман өрттерінің саны туындаған кезде жүзеге асырылады.

Өрттерді сөндіру жөніндегі іс-қимылдар өрт туралы хабарлама алған сәттен басталады және бөлімшелер тұрақты орналасқан жерге қайтып оралғаннан, кезекші қарауыл мен техниканы дайындыққа келтіргеннен кейін аяқталған болып есептеледі және оған:

1. қоңырауларды қабылдау және өңдеу;

2. шақыру орнына шығу және бару (өрт);

3. өртті барлау;

4. адамдарды және мүлікті құтқару, эвакуациялау;

5. күштер мен құралдарды өрістету;

6. жануды оқшаулау және жою;

7. төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау;

8. бөлімшеге жинау және қайтару.

Орман өрттерін сөндіру бойынша іс-қимылдар өрт сөндіру тактикасына, өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің талаптарына сәйкес орындалатынын атап өту қажет, және жоғары психологиялық және физикалық жүктеме, жоғары қауіп, өрт сөндіруге қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгенде жүргізілуі мүмкін.

2019 жылы 2 мамырда "Ұрымқай" ММ 107 кварталына қауіп төнген дала өрті жойылды.  Бурабайавиациялық бөлімшесі мен жер үсті орман күзеті қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында дала өрті майданда оқшауланып, мемлекеттік орман қорына қаупі жоқ. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиа өрт сөндіру қызметінің 5 адамы, жер бетіндегі өрт сөндіру қызметінің 23 адамы, 8 бірліктехника жұмылдырылды. Өрт алаңы 48 га.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға