

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды, ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарын зерделеу бойынша сабақтар мен сұхбаттарды тұрақты негізде өткізу;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау;
3. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК құрылымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзара іс-қимылды нығайту.
2019 жылғы 10 шілдеде "Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының Первомай орманшылығының 49 кварталы аумағында пайда болған өрт жойылды. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар авиациялық бөлімінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, Шалдай филиалының 4 адамы, 2 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.002 га шағын алаңда жойылды.
2019 жылғы 10 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көктерек орманшылығының 105 кварталының, "Ертіс орманы"МОТР РММ Бесқарағай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодаравиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар авиациялық бөлімінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Бесқарағай филиалының 5 адамы, 3 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.