2019 жылдың 30 маусымында Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көктерек КММ-нің Көктерек орманшылығының 53 кварталына қауіп төніп тұрған мемлекеттік қор жерлерінде өрт шықты. Өрт туралы ақпарат өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін орман иелеріне дереу берілді. Өрт шыққан жерге 40 минуттан кейін бортында 3 өрт-сөндіруші  десантшысы бар Қазавиаорманқорғау тікұшағы келіп жетті. Өрт орнына Көктерек КММ күштері мен құралдары, сондай-ақКазавиаорманқорғау 4 десантшысы қызметтік автокөлігімен келді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт тоқтатылды,мемлекеттік орман қорына қауіпі жоқ. Өртті сөндіруге Жамбыл авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 7 өрт сөндіруші-десантшылары, 10 бірлік техника, Көктерек КММ-нің 23 адамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді және Көктерек КММ қызметкерлерімен қарауылдауға қабылданды. Өрт алаңы 1.5 га.

 

2019 жылғы 30 маусымда кешкі уақытта Жасыбай орманшылығының 14 кварталы, Баянауыл МҰТП аумағында белгісіз себептермен өрт шықты. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесі мен Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның 2 адамы, Баянауыл МҰТП-ның 23 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті толық жою 1 шілдеде Баянауыл МҰТП күшімен аяқталды.

 

2019 жылы 29 маусымда Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында дала өрті (МОҚ қаупі жоқ) табылды. Өрт туралы ақпарат өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін орман иелеріне дереу берілді. Табылған кездегі өрт алаңы 5 га.

 

2019 жылдың 29 маусымында Бурабай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Ақылбай орманшылығының 10 кварталы, "Бурабай"МҰТП аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу "Бурабай" МҰТП қызметкерлеріне өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін берілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға "Бурабай" МҰТП-ның 5 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.

 

2019 жылғы 29 маусымда Жасыбай орманшылығының 51 кварталының, Баянауыл МҰТП аумағында өрт табылды және жойылды. Өрт апатымен күреске Баянауыл авиациялық бөлімшесі мен Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК ӘӨҚ 2 адамы, Баянауыл МҰТП 4 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт кіші алаңда (0.0001 га) жойылды. Өрт себебі-найзағай.

2019 жылдың 28 маусымында Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік қордағы жерлер аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат Ақкөл КММ қызметкерлеріне өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін берілді. Өрт орнына Ақкөл КММ күштері мен құралдары жіберілді. Қатты жел (екпіні 12 м/с дейін), жоғары температура (40 градустан астам) және қурап қалған ағаштар оттың МОҚ аумағына тез таралуына ықпал етті. 29 маусымда Ақкөл КММ қызметкерлеріне көмек көрсетуге борттағы өрт сөндіруші екі десантшы бар Қазавиаорманқорғау тікұшағы жіберілді.
Өртке қарсы күрес екі күнге созылды. Өртті сөндіруге Жамбыл авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 2 десантшысы, 13 бірлік техника, Ақкөл КММ 64 адамы жұмылдырылды. Өрт 146 га алаңда жойылды (оның ішінде МОҚ 20 га).

 

2019 жылғы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Сейтен орманшылығының 59 кварталында, "Ертіс орманы"МОТР РММ Шалдай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт-сөндіруші десантшысы, Шалдай филиалының , 8 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.02 га кіші алаңда жойылды.

2019 жылғы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Сейтен орманшылығының 66 кварталында, "Ертіс орманы"МОТР РММ Шалдай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт-сөндіруші десантшысы, Шалдай филиалының , 5 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.02 га кіші алаңда жойылды.

 

2019 жылғы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс орманы"МОТР РММ Шалдай филиалының Новозавод орманшылығының 49 кварталы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Шалдай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге тікұшақ, Павлодар авиациялық бөлімшесінің 1 өрт- сөндіруші десантшысы, Шалдай филиалының 10 адамы, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.001 га кіші алаңда жойылды.

 

2019 жылғы 28 маусымда Павлодар авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының, Чушкалы орманшылығының 78 кварталының аумағында өрт шықты.Өрт туралы ақпарат Шалдай филиалының қызметкерлеріне өртті оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшіндереу берілді. Өртті сөндіруге Шалдай филиалының 4 адамы, 2 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.003 га кіші алаңда жойылды.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға