2022 жылдың 17 маусымында Баянауыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері арасында табиғатты қорғау полициясының капитаны К.Ж. Үсенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулердің заң жобасының тұжырымдамасын талқылау тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында келесі өзгерістер талқыланды:
- Сыбайлас жемқорлық субъектісінің жаңа санатын енгізу - ерекше мәртебесі бар лауазымды тұлға;
- Мемлекеттік қызметшілер үшін шетелдік шоттар ашу бойынша шектеулер енгізу;
- Полиция мен судьяларға жазаны қатайту;
- Парасаттылыққа тексеру институтын енгізу;
- Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айыппұлдардың күшін жою (бас бостандығынан айыру, мерзімінен бұрын босату құқығынсыз);
- Пара беру уәдесін немесе ұсынысын криминализациялау;
- "Сыбайлас жемқорлық" ұғымын жеке секторға тарату.