2022 жылдың 16 маусымында Катон-Қарағай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшысы М.А. Ленский халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Алинур" ЖК қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырып бойынша алдын алу дәрісін өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.
2022 жылдың 17 маусымында Талдықорған авиациялық бөлімінің қызметкерлері арасында Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы А.С. Тарыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында түсіндірілген тақырыптар:
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;
- "Қазақстан-2050"стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері көрсетілген.