2021 жылғы 15 қыркүйекте Бурабай авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Бурабай" МҰТП Золотобор орманшылығының 97 және 98 орамдарының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге Боровской авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары, жердегі орман күзетінің, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталды, оны жою жүріп жатыр.
 
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Науырзым МӨЗ Сосновка орманшылығында өрт шықты. Өрт шыққан жерге өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жердегі орман күзетінің, ТЖД, ЕӨСҚ және әкімдіктердің қызметкерлері техникамен жіберілді. Қатты жел, жоғары температура және өлі ағаштың болуы оттың тез таралуына ықпал етті. 2021 жылдың 16 қыркүйегінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қостанай авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті, сондай-ақ Ми-2 тікұшағымен өртті барлау жүргізілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 16 қыркүйекте өрт ауыздықталды, оны жою жүріп жатыр.
 
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Көкшетау МҰТП Шалқар филиалы, Қостөбе орманшылығының 20 кварталына қауіп төндіретін дала өрті табылды. Өрт болған жерге Көкшетау авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды.
 
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Бұрлық КММ Камышин орманшылығының 83 кварталына қауіп төндіретін дала өрті табылды. Өрт болған жерге Көкшетау авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды.
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Түрген филиалының Түрген орманшылығының 92 кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Баянауыл МҰТП Жасыбай орманшылығының 46 кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.
 
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Өскемен авиациялық бөлімшесінің мамандары Өскемен ҚМУ өкілдерімен бірлесіп заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын басқа да бұзушылықтар фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
 
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы М.С. Сәрсембаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесная бастауыш мектебі" КММ "орман алқабына бару кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.
 
2021 жылғы 14 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Ақмола авиациялық бөлімшесінің ӘПК нұсқаушысы А.С. Трубицын Ақкөл қаласының № 1 балабақша қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Қызметкерлер ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.
 
2021 жылдың 13 қыркүйегінде Көкшетау авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары М. Ликеров пен Н.Арташин Бәйтерек ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері арасында "Орманға барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және орманда адасқан адамның іс-әрекеті" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға