

2019 жылғы 16 тамызында Қостанай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Кондратьев орманшылығының 2 кварталы, Басаман ҚМУ аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күреске Басаман ҚМУ-нің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт 0,9 га алаңда жойылды. Жануды оқшаулау және жоюға: Қостанай авиациялық бөлімшесінің ұшағы, Басаман ҚМУ 22 адамы, 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Талдықорған ҚМУ-нің Корин орман шаруашылығының 51 және 56 кварталдарының аумағында болған өрт жойылды деп хабарланғаннан кейін 6 тәулік өткен соң қайта жанданды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен күрделене түседі (беткейлер 45 және одан да көп градус). Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт сөндіруге Талдықорған авиациялық бөлімінің тікұшағы мен өрт сөндіруші десантшылары (3 өрт сөндіруші десантшы), ТЖД (5 адам), Талдықорған ҚМУ қызметкерлері (19 адам), 4 техника жұмылдырылды. Өрт алаңы анықталуда.
Өрт Долба орманшылығының 47 кварталындағы буферлік аймақта, Баянауыл МҰТП-да болды. Өрт болған жерге тікұшақтың көмегімен өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіру құралдары бар 3 өрт сөндіруші-десант жеткізілді және түсірілді. Өрт жердегі күштер келгенге дейін тежелді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт 14 га аумақта оқшауланды. Өртті сөндіруге тікұшақ пен Баянауыл авиациялық бөлімінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Баянауыл МҰТП 11 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды.
2019 жылдың 14 тамызында Алматы авиациялық бөлімінің аумағында жиналыс өткізілді, жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған әңгіме өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР заңдары мен қаулыларын талқылау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар, кәсіпорынның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне көшуі, қызметкерлеріне үстемеақы, жаңа штат кестесі, жаңа лауазымдық нұсқаулықтар мен оларға толықтырулар, жаңадан ұйымдастырылған кәсіподақ, ұжымдық шарт мәселелері қаралды.